Теннис: Тимофей Скатов Италиядағы жарыстың финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Италиядағы Розето-дельи-Абруци 2 челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Тимофей Скатов Италиядағы жарыстың финалына шыға алмады

Дүниежүзілік рейтингте 221-орында тұрған 21 жастағы қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 159-ракеткасы, тайбэйлік Цзэн Цзэнмен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен матчта жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген тайбэйлік спортшы 7:5, 2:6, 7:6 (8:6) есебімен ұтып кетті.

Үш сағатқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов 10 брейк-пойнттың 8-ін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 7 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ц.Цзэн финалда франциялық Мануэль Гинармен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыға алмады.