20:16, 16 Мамыр 2020 | GMT +5
Теннис турнирлерін өткізуге тыйым салу мерзімі 31 шілдеге дейін созылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер ассоциациясы жарыстарды 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы olympic.kz хабарлайды.
Жарыс кестесіне мұндай өзгерісті енгізуге коронавирус пандемиясы себеп болған. Аталған шешім тек қана ATP сайыстары емес, сонымен қатар ерлер арасындағы ITF турнирлеріне де қатысты.