Теннис: Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында іріктеу сайыстары өтіп жатқан атақты Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.
None
None

Чемпионат.ком сайтының хабарлауынша, әлемдегі төрт «үлкен дулығаның» бірі саналатын ірі жарыстың бірінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-інші  ракеткасы Юлия Путинцева рейтингісі әлдеқайда төмен, турнирге арнайы шақырту алған ресейлік Марина Мельниковамен кездеседі. Юлия қарсыласын биылғы ақпанда Гаосюнде (Тайвань) өткен турнирде 6:2, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Тағы бір қазақстандық Ярослава Шведова германиялық белгілі теннисші Юлия Гергеспен кортқа шығады. Ол мамыр айында Нюрнберг турнирінде қазақстандық аттасы Юлия Путинцеваны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірген еді. Соның қарымтасын Ярослава қайтара ала ма, оны ойын көрсетеді. Ал Зарина Дияс алғашқы айналымда тағы бір неміс қызы Анна-Лена Фридзаммен күш сынасады. Ол да - тым-тәуір табысқа қол жеткізіп жүрген, соның ішінде биылғы Австралия ашық чемпионатында төртінші айналымға дейін жеткен азулы қарсыластың бірі. Биыл өз-өзіне келе алмай, рейтингісі төмендеп кеткен Зарина өткен жылғы Уимблдон турнирінде төртінші айналымға дейін жетіп, онда атақты Мария Шараповаға есе жіберген болатын.

Күллі теннис сүйер қауым көз тігетін, 10 шілдеге дейін созылатын доданың ерлер арасындағы бәсекесіне Қазақстаннан Михаил Кукушкин қатысады. М.Кукушкиннің бастапқы қарсыласы - словакиялық Мартин Клижан. Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Андрей Голубев іріктеу сайыстарының бірінші айналымынан аса алған жоқ.

Айта кетейік, 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында өтетін олимпиадалық ойындарда  теннистен Қазақстан намысын Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева қорғайды. Я.Шведова мен Г.Воскобоева жұптық сында да бәсекеге түседі.

Соңғы жаңалықтар