Теннис: Үндістанда жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында сәуір айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогы, Билли Джин Кинг кубогы және әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Үндістанда жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгілер арасында іріктеу сайыстары нәтижесінде ұлттық құрамаға үздіктер алынды.

Қыздар:

Арина Гогулина

Сәтима Төреген

Ева Корышева

Капитан: Мұқам Ерматов.

Ұлдар:

Заңғар Нұрланұлы

Дамир Жалғасбай

Даниэль Тазабеков

Капитан: Сергей Квак.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында Дэвис кубогы мен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне Қазақстаннан мына теннисшілер аттанады.

Бозбалалар:

Данир Қалдыбеков

Әмір Омарханов

Виталий Зацепин

Капитан: Жансұлтан Чемботаев.

Қыздар:

Айя Нұпбай

Асылжан Арыстанбекова

Карина Жұмаджанова

Капитан: Ярослава Шведова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның да Майами турнирінің төртінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.