ТЕННИС: US Open турнирінің алғашқы айналымында З.Дияс П.Херцогпен кездеседі

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, әйелдер арасындағы сайыстың жүлде қоры - 19 млн. 852,7 мың АҚШ доллары. Осы жылдағы «үлкен дулығаның» соңғы турнирінде басты фаворит - әлемнің бірінші ракеткасы, американдық Серена Уильмс. Ол бұл жарысты да ұтатын болса, биылғы төрт «үлкен дулығаны» түгелдей иеленеді. Заринаның қарсыласы П.Херцог мұндай ірі жарыстарда онша көзге түспегенімен, оңай шағылатын жаңғақ емес. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева іріктеу сайыстарында жеңіп шыққандардың бірімен шеберлік байқасады. Сондай-ақ іріктеу сынында жолы болса, Ярослава Шведова да турнир кортына шығады. US Open турнирі 13 қыркүйекте мәреге жетеді. Еске сала кетейік, өткен жылғы осы жарыста Зарина Дияс үшінші айналымға дейін жетіп, онда ресейлік Екатерина Макароваға жол берген болатын.