ТЕННИС: Воскобоева Miami Open турнирінің жұптық дәрежесінде 2-ші айналымға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева және Австралия өкілі Анастасия Родионова дуэті Астана уақытымен жұмадан сенбіге қараған түні АҚШ-тағы Miami Open турнирінің екінші айналымына шықты.
Жарыстың сыйлық қоры әйелдер арасындағы сында 6,8 миллион доллардан, ал ерлер арасындағы турнирде 7 миллион доллардан асады.
Бірінші айналымдағы матчта Воскобоева/Родионова жұбы Андреа Клепач (Словакия)/Катарина Среботник (Словакия) дуэтін - 6:3, 6:7, 10:2 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық-австралиялық жұп Ванья Кинг (АҚШ)/Алла Кудрявцева (Ресей) дуэтімен кездеседі. Бұл жұп турнир басында Юлия Гергес (Германия)/Каролина Плискова (Чехия) дуэтін - 4:6, 6:3, 10:8 есебімен жеңді, деп хабарлады sports.kz.