Теннис: Я.Шведова Богота турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 75-інші ракеткасы Ярослава Шведова Колумбияның Богота қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, осы жарыста бесінші болып тіркелген Я.Шведова турнирдің екінші ракеткасы, пуэрторикандық Моника Пуигты 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші финалға шығу үшін Израиль елінің өкілі Юлия Глушко немесе колумбиялық Мариана Дуке-Мариноның қай жеңгенімен күш сынасады. Екінші жартылай финалда осы турнирдің бірінші, әлемнің 27-інші ракеткасы, жиырма жасар украин қызы Элина Свитолина бразилиялық Тельяна Перейрамен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Богота турнирінің жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары.