Теннис: Я. Шведова Кореяның ашық біріншілігінде жұптық сайыстың жартылай финалына өтті

АЛМАТЫ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін теннистен Сеулде өтіп жатқан Hansol Korea Open халықаралық турнирінде қазақстандық Ярослова Шведова жекелей сында 3-айналымға өте алмағанымен, жұптық сайыста жартылай финалға шықты.
None
None

WTA рейтингінде 220-орында тұрған Ярослова жекелей сында 22-ші сатыда тұрған словакиялық Доминика Цибулковамен кездескен болатын. 1 сағат 19 минутқа созылған бұл сайысты қазақстандық теннисші жарақатына байланысты орта жолда үзуге мәжбүр болды.

Бұған дейін ол ресейлік Вера Душевинамен бірге жұптық сында ширек финалда жапондық Шуко Аома мен Рика Фудзиварамен кездескен болатын. Бұл сайыста жапон тенисшілері 5:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Ярослово мен Вера енді жартылай финалда Польша спортшылары Клаудиа Енс пен Игнасик/Алисия Росольскамен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар