Теннис: Я.Шведова Мальорка турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Мальорка қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Ярослава Шведова алғашқы айналымда словакиялық Даниэла Гантуховамен күш сынасты.

Теннис: Я.Шведова Мальорка турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

Чемпионат.ком сайтының хабарлауынша, 33 жасар Гантухова Шведованы 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңді. Д.Гантухова екінші айналымда тағы бір қазақстандық, әлемнің 36-ыншы, осы жарыстың 5-інші ракеткасы Юлия Путинцева немесе румыниялық Сорана Кырстаның қай жеңгенімен кездеседі.

Еске сала кетейік, биылғы Рио олимпиадасына Қазақстаннан теннисшілер арасында Юлия Путинцева, Ярослава Шведова және ерлерден Михаил Кукушкин барады. Я.Шведова жұптық сайыста өнер көрсетеді. Сондықтан ол сыңарын қазақстандық теннисшілердің бірінен өзі таңдайды. Сондай-ақ Галина Воскобоеваға да олимпиада жолдамасы берілуі мүмкін.