Теннис: Я. Шведова мен В.Кинг China open 2010 сайысының ширек финалына шықты
БЕЙЖІҢ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен американдық Вания Кинг жұптасып өнер көрсетуде Бейжіңде өтіп жатқан турнирдің екінші раундынан өтті.
Сәрсенбі күні төртінші жұп жапондық Кимико Датэ-Крумм мен қытайлық теннисші Пэн Шуайды басымдықпен жеңді. Мыңдаған қытайлық жанкүйерлердің қолдауына қарамастан, қазақ-америка спортшы қыздарының жұбы 6:4, 6:3 есебімен анық жеңіске жетті.
Бейсенбі күні Шведова мен Кинг ресейлік спортшылар Мария Кириленко және Надежда Петровамен кездеседі.