10:24, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Теннис: Я. Шведова Монреаль додасында жеңіліп қалды
АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Монреальдағы Роджер кубогі жолындағы турнирде Ярослава Шведова ресейлік теннисші Вера Звонаревадан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Канада мастерстің екінші айналымында жолдары түйіскен екі спортшының ойыны екі сетке жалғасып, 6:2, 6:1 есебімен В.Звонареваның жеңісімен аяқталды.
Роджер кубогі турнирінің сыйақы мөлшері 2 млн. АҚШ доллары. WTA ұйымы 118 жылдық тарихы бар аталған турнирді, 2009 жылдан бастап жоғары санаттағы премьер-турнир жарыстарының тізіміне енгізіп отыр. Аталмыш ұйымның рейтингісі бойынша, біздің отандасымыз 32 орында тұр.