Теннис: Ю.Путинцева мен Я.Шведова Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирді сәтті бастады.

Теннис: Ю.Путинцева мен Я.Шведова Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты

Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, ресейлік Евгения Родинамен кездескен әлемнің 70-інші ракеткасы Ярослава Шведова екі партияны да 6:1 есебімен аяқтап, жеңіске жетті. Енді ол екінші айналымда осы турнирдің бесінші ракеткасы, италиялық Сара Эрранимен күш сынасады.

Сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 61-інші ракеткасы Юлия Путинцева жапониялық Куруми Нараны 7:6, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Юлия екінші айналымда осы жарыста 15-інші болып тіркелген германиялық Сабина Лисицкимен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, Чарльстон турнирінде тағы бір қазақстандық Зарина Дияс австралиялық Дарья Гавриловадан алғашқы айналымда жеңіліп қалған болатын.