Теннис: Ю.Путинцева Рабат турнирінің жартылай финалына шыға алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-інші ракеткасы Юлия Путинцева Рабатта (Марокко) теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалында голландиялық Кики Бертенспен күш сынасты.
Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, тартысты өткен бәсекеде осы турнирдің сегізінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева алғашқы партияда 3:6 есебімен есе жіберсе, екіншісінде тай-брейкте (7:6) жеңіске жете білді. Соңғы, шешуші партияда есеп 3:4 болып тұрған мезетте қазақстандық теннисші қарсыласы доп бергенде бірнеше брейк-пойнтты пайдалана алмады. Сөйтіп бұл партияны да 6:3 есебімен К.Бертенс ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Онда ол жаңазеландиялық Марина Эракович немесе сербиялық Александра Круничтің қай жеңгенімен кездеседі.
Айта кетейік, Рабат турнирінің жүлде қоры 226750 АҚШ доллары болатын.