Теннис: Ю.Щукин «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 85 мың еуроны құрайтын «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты,
деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Алғашқы айналымды корт қожайыны Бартош Савицкиді 6:1, 6:0 есебімен жеңген қазақстандық теннисші енді итальяндық Андрев Арнабольдиге қарсылас болмақ.