Теннис: Юлия Путинцева Astana Open турнирінің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жартылай финалда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты.

Р.Петерсон осы дода барысында тағы бір қазақстандық Зарина Диястан айласын асырып кеткен болатын.

Бұл жолы бірінші партияда Юлияның басымдылығы айқын байқалды – 6:2.

Ю.Путинцева екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 4:1. Матчқа доп бергенде, Петерсон брейк жасап, есепті қысқартты – 3:5.

Дегенмен қазақстандық теннисші матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4

Ю.Путинцева финалда әлемнің 89-ыншы, осы доданың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен бас жүлдені сарапқа салады.

Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 126-орында тұрған румыниялық Жаклин Кристианды 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын Astana Open турнирінің алғашқы чемпионы белгілі болмақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Astana Open турнирінің жартылай финалына, Елена Рыбакинаның Чикаго жарысының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар