ТЕННИС: Юлия Путинцева Франция турнирінің финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Контрексвил теннис кортында төртінші айналымның матчтары өтті.
Бұл туралы Спорт.кз хабарлайды.
Жартылай финалда әлемдік рейтингте 95-сатыда тұрған қазақстандық 20 жастағы теннисші Юлия Путинцева әлемнің 92-ракеткасы черногориялық Данка Ковиничті 6/1, 6/3 есебімен тізе бүктірді.
Финалдық бәсекеде ол Дулгеру/Перейра жұбының жеңімпазымен кездеседі.