00:11, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
ТЕННИС: Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 60-ыншы ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 514-інші орында тұрған канадалық Александра Вознякпен күш сынасты.

Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, Юлия бұл кездесуде онша қиналған жоқ. Екі партияда да 6:1 есебімен жеңіске жеткен Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 31-інші ракеткасы, германиялық Андреа Петковичпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, Зарина Дияс екінші айналымда әлемнің 6-ыншы ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен кортқа шығады. Ал Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Михаил Кукушкин алғашқы айналымнан аса алмай, жарыс жолынан шығып қалды.