Теннис: З.Дияс Мадрид турнирінде әлемнің оныншы ракеткасымен күш сынасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания астанасы Мадрид қаласында басталған халықаралық турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы Зарина Дияс дүниежүзілік сатыда оныншы орында тұрған испаниялық Карла Суарес-Наварромен күш сынасады.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Мадрид турнирінің жүлде қоры 4,2 млн. АҚШ долларына жуықтайды.
Айта кетейік, аталмыш ірі жарысқа әлемдік рейтингтің алғашқы үштігіндегі американдық Серена Уильямс, румыниялық Симона Халеп, ресейлік Мария Шарапова бастаған мықты теннисшілер қатысуда.