Теннис: З.Дияс Мадрид турнирінде бірінші айналымнан аса алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы Зарина Дияс испаниялық Карла Суарес-Наварромен шеберлік байқасты.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина дүниежүзілік рейтингте оныншы орында тұрған қарсыласына 4:6, 4:6 есебімен екі партияда есе жіберді. Сөйтіп бірінші айналымнан аса алмады.
Еске сала кетейік, әлемнің мықты теннисшілері өнер көрсетіп жатқан Мадрид турнирінің жүлде қоры 4,2 млн. АҚШ долларына жуықтайды.