15:34, 04 Қаңтар 2016 | GMT +5
Теннис: З.Дияс Шэньчжэнь турнирінің екінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан теннистен халықаралық турнирді қазақстандық Зарина Дияс жеңіспен бастады.

Әлемнің 52-інші, Қазақстанның бірінші ракеткасы З.Дияс бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 140-ыншы орында тұрған қытайлық Чжан Кайлиньмен кездесіп, оны 6:4, 7:6 есебімен ұтты.
Осы турнирдің жетінші ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс келесі айналымда бірінші кездесуінде румыниялық Андреа Митуды 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірген чехиялық Катержина Синяковамен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, жүлде қоры 426 750 АҚШ долларын құрайтын Шэньчжэнь турнирінде сондай-ақ тағы бір қазақстандық, әлемнің 67-інші ракеткасы Ярослава Шведова да өнер көрсетеді. Ол эстониялық Анетт Контавейтпен күш сынаспақ.