ТЕННИС: З.Дияс ширек финалға шыға алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші айналымында чехиялық Каролина Плишковамен кездесті.
Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, дүниежүзілік сатыда 34-інші орында тұрған Зарина әлемнің 12-інші ракеткасына 2:6, 2:6 есебімен жол берді. Кездесу бір сағат алты минутқа созылды. Бұл олардың алғашқы кездесуі еді.
Ширек финалда К.Плишкова үшінші айналымда ресейлік Светлана Кузнецованы ұтқан испандық Карла Суарес Наварромен кортқа шығады.