Теннис: З.Дияс тағы да А.Керберге жол берді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бейжіңде теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс екінші айналымда неміс қызы Анжелика Кербермен күш сынасты.
Дүйсенбі күні жаңартылған әлемдік рейтингте Зарина бір саты жоғарылап, 39-орынға көтерілсе, Анжелика керісінше 8-ден 10-сатыға төмендеп кеткен болатын.
Мұның алдында Уханьда өткен ірі жарыста осы екі спортшының жолдары тоқайласып, онда А.Кербер үш партияда жеңген болатын. Бұл жолы неміс қызы 6:3, 6:1 есебімен оңай ұтты. Ол енді ресейлік Светлана Кузнецовамен кортқа шығады.