ТЕННИС: З.Дияс Вашингтон турнирінде корт иесі Л.Дэвиспен күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Вашингтон қаласында 3-9 тамыз аралығында өтетін халықаралық турнирге Қазақстаннан Зарина Дияс пен Юлия Путинцева қатысады.
None
None

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші, осы жарыстың сегізінші ракеткасы Зарина Дияс алғашқы айналымда американдық Лорен Дэвиспен күш сынасады. Олардың екеуі де - бір жыл, бір айдың төлі, 1993 жылдың қазанында дүниеге келген. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева бірінші кездесуін жапондық теннисші Куруми Нарамен өткізеді.

Айта кетейік, АҚШ-тың ашық чемпионаты алдындағы әзірлік сынды есептелетін Вашингтон турнирінің жүлде қоры - 226750 АҚШ доллары. Бұған дейін З.Дияс Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетіп, төртінші айналымға дейін жетіп, онда ресейлік Мария Шараповаға есе жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар