Теннис: Заңғар Нұрланұлы «Мастерс» чемпиондық жарысында 3 апта қатарынан көш басында келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Tennis Europe ұйымы (TE) 2022 жылдың күзінде Монте-Карлода өтетін Junior Masters жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теннис: Заңғар Нұрланұлы «Мастерс» чемпиондық жарысында 3 апта қатарынан көш басында келеді

14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында қазақстандық Заңғар Нұрланұлы әлі көш бастап тұр. Осы аптада біздің теннисші юниорлық TE-турының Les Petits As супер санатында өнер көрсетеді.

Junior Masters Монте-Карлодағы клубтың атақты топырақ кортында болмақ, онда ATP Masters 1000, Rolex Monte-Carlo Masters өтеді.