Теннис: Заңғар Нұрланұлының Еуропа теннисіндегі рейтингі жақсара түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Tennis Europe (TE) ұйымы алдағы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында көшбасшылық жағдайын жақсарта түсті.

Беделді Еуропа турнирлерінде сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде Заңғар ұпай санын 505-ке жеткізді.

Осылайша Қазақстанның жас жұлдызы Микаэл Аванесян (Армения), Иван Иванов (Болгария), Ленни Петиттен (Франция) секілді өзінің қатарластарынан біршама қара үзіп кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллсте Аустралияның екі дүркін чемпионын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев жұптық сында ширек финалға шықты.




Соңғы жаңалықтар