Теннис: Зарина Дияс Чикагода негізгі турнирге жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемдік рейтингте 112-орында тұрған Зарина Дияс Чикаго WTA 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу сайыстарының 4-ракеткасы болып тіркелген З.Дияс алдымен рейтингте 448-сатыдағы ұлыбританиялық Эден Силваны 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 254-ракеткасы, оңтүстіккореялық На-Лэ Ханьмен күш сынасты.

З.Дияс сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 5:7, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында 13 брейк-пойнттың 10-ын пайдаланды. Қарсыласы 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Теннисшілер бірде-бір эйс жасаған жоқ.

Осылайша Зарина негізгі жарысқа жолдама алды. Чикаго WTA 250 турнирі 23-30 тамыз аралығында өтеді. З.Диястың негізгі додадағы қарсыласы кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 292-орындағы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 додасында бақ сынайды. Оның қарсыласы – әлемнің 130-ракеткасы, америкалық Кэти Макналли.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Дияс Чикаго WTA 125 турнирінің жартылай финалына өте алмаған болатын.

Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстанда өткен жарыста жеңімпаз атанды.





Соңғы жаңалықтар