ТЕННИС: Зарина Дияс Эжени Бушардан өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-інші ракеткасы Зарина Дияс Рим турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік сатыда алтыншы орында тұрған канадалық Эжени Бушармен күш сынасты.

 ТЕННИС: Зарина Дияс Эжени Бушардан өте алмады

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина 3:6, 4:6 есебімен екі партияда есе жіберіп, үшінші айналымға өте алмады. Э.Бушар 9 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланса, З.Дияс 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші енді жылдың ең басты жарыстарының бірі «Ролан Гаррос» турниріне қатысатын болады.