Теннис: Зарина Дияс финалға өте алмады
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс (WTA рейтингінде 153-ші орында) Қытайдағы жүлде қоры 50 мың долларлық ITF Wenshan әйелдер турнирінде финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Бүгін З.Дияс хорваттық Ани Мижицикамен (WTA рейтингінде 389-шы орын) жартылай финалда ойнай алмады. Үшінші шешуші сетте 0:3 есебінде хорваттық қыз жеңіп келе жатқанда Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты. Матчтың қорытындысы - 4:6,7:5,0:3.