Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында америкалық, әлемнің 123-ракеткасы Николь Гиббспен күш сынасты.

З.Дияс қарсыласын бірінші сетте тай-брейкте тізе бүктірді 7:6 (7:4). Екінші партия 7:5 есебімен аяқталды.

Тартысты матч 2 сағат 4 минутқа созылды.

З.Диястың негізгі турнирдегі қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда Венгрия елінің өкілі, рейтингте 102-орындағы Тимея Бабошпен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына жуықтайтын Индиан-Уэллс турнирі екі аптаға созылып, 17 наурызда мәреге жетеді. Оған әлемнің 1-ракеткасы, Жапонияның жарық жұлдызы, осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Наоми Осака бастаған маңдайалды теннисшілер қатысады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Ал Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанған Александр Бублик рейтинте бірден 19 сатыға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар