22:41, 21 Маусым 2019 | GMT +5
Теннис: Зарина Дияс Истбурн турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Истбурн (Ұлыбритания) турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 89-ракеткасы З.Дияс рейтингте 473-орында тұрған ұлыбританиялық Алисия Барнетпен кездесті.
Қазақстандық теннисші қарсыласын бет қаратпай, 6:1, 6:1 есебімен ұтты.
З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 59-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметовамен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Бирмингем әлемнің 1-ракеткасын ұтқанын, ал Галина Воскобоеваның жұптық сында жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.