Теннис: Зарина Дияс Куала-Лумпурда WTA турнирінің ширек финалына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды sports.kz.
Доданың екінші айналымында ол итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, Дияс әлемдегі ең үздік 100 теннисшінің қатарында. Ал итальяндық спортшы WTA рейтингісінің тек 237-орнында тұр.
Бұның алдында 20 жастағы З.Дияс бірінші айналым матчында Грекияның 31 жастағы спортшысы Элени Данилидуді 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.