Теннис: Зарина Дияс Қытайдағы турнирде жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс (WTA рейтингінде 242-ші орын) Наньнинде өткен (Қытай) ITF турнирінде жеңіске жетті, жүлде қоры 25 мың доллар, деп хабарлады Sports.kz.
Финалда Дияс тайбэйлік теннисші Ли Я-Хсуанды (300 WTA) - 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
Атап өтсек, Зарина турнирде бірде-бір сетті бермеді.
Өткен жылы 23 жастағы қазақстандық теннисші қол жарақатына және оған ота жасатуына байланысты шілдеден ақпанға дейін өнер көрсетпеді.