Теннис: Зарина Дияс Мельбурн турнирін жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Мельбурн WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 83-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған америкалық Кристина Макхэйлмен кездесті.
Бірінші партияда америкалық теннисші басымдылық көрсетті - 6:3.
Есесіне содан кейін Зарина Дияс ойын тізгінін қолға алып, жеңіспен тәмамдады 6:3, 6:1.
Тартысты матч 1 сағат 54 минутқа созылды.
З.Дияс екінші айналымда әлемнің 96-ракеткасы, румыниялық Ана Богданмен шеберлік байқасады.
Бұл додада Аустралия ашық чемпионатында жолы болмағандар қатысуда. Олардың арасында Аустралия біріншілігінің өткен жылғы чемпионы, америкалық София Кенин де бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бублик пен А.Голубевтің ширек финалға шыға алмағанын жазған болатынбыз.