Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теннис: Зарина Дияс Рим турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Рим турнирінің алғашқы айналымында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, германиялық Анжелика Кербермен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Зарина Дияс Рим турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 12-інші орында тұрған неміс теннисшісі осы турнирдің 11-інші ракеткасы болып тіркелген еді.

Бірінші партияда А.Кербер 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші партия әлдеқайда тартысты өрбіді. Сөйтіп тай-брейкте неміс спортшысы 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды.

А.Кербер екінші айналымда әлемнің 41-інші ракеткасы, румыниялық Ирина Бегумен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Рим турнирінде әлемнің маңдайалды теннисшілерінің бірі А.Кербермен ойнайтынын жазған болатынбыз. Енді Заринаға алдағы «Үлкен дулыға» жарысының бірі Ролан Гаррос турнирінде барынша сәтті өнер көрсету қалып тұр. Сонда қазіргі кезде 54-інші сатыда тұрған З.Диястың рейтингі жоғарылар еді.