Теннис: Зарина Дияс «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 99-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда ресейлік, әлемнің 68-ракеткасы Вероника Кудерметовамен кездесті.

Бірінші партияда ресейлік спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде оның басымдылығы анық байқалды - 6:1.

Бәсеке бір сағаттан астам уақытқа созылды.

В.Кудерметова сондай-ақ жұптық сында тағы бір қазақстандық Галина Воскобоевамен бірге жарысқа түседі.

Осылайша жекелей сында «Ролан Гаррос» турнирінде Александр Бублик қана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Кукушкин мен Рыбакинаның осы доданың екінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар