ТЕННИС: Зарина Диястың рейтингісі құлдырап барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңа әлемдік рейтингісі жарияланды.
None
None

Онда Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 39-орыннан 43-орынға, Зарина Дияс 99-орыннан 130-орынға сырғыды. Ал Ярослава Шведова 96-орыннан 49-орынға жоғарылады. Ол Лондонда аяқталған Wimbledon турнирінің жекелей сынында ширек финалға жеткені үшін рейтингте 47 саты жоғарылады. Рейтингте Wimbledon жарысында жеңіске жеткен америкалық Серена Уильямс бірінші орында, осы турнирдің финалына шыққан германиялық Анжелика Кербер екінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар