Теннис: Зарина Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан жарыстың екінші айналымына өтті. Наньнин қаласында өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 25 мың АҚШ доллары, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Теннис: Зарина Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өтті

Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан ITF Women's Circuit турнирінде жиырма екі жастағы қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебінде ұтып жарыстың екінші айналымына өтті.

Екінші раундта Зарина жапондық тениисші бойжеткен Мияби Инуэмен (543) кездеседі, ол бірінші айналымда жерлесі Аяно Шимицудан басым түскен болатын.