Теннис: Жерлесіміз Ярослава Шведова Чарлстонтағы турнирде белгиялық Янину Викмайерден басым түсті

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-тың Чарлстон қаласында өтіп жатқан сыйлық қоры 740 мың АҚШ долларын құрайтын WTA "Family Circle Cup" сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің үшінші кезеңіне шықты.
None
None

 Аталмыш матчтың екінші кезеңінде Я.Шведова белгиялық спортшы Янину Викмайерді 6:2, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді. Янину Викмайер WTA рейтингі бойынша 30-шы орында тұр. Ал Шведова 150-ші орында. Үшінші кезеңде қазақстандық спортшыға неміс қызы Сабин Лисицки қарсы шықты. Неміс спортшысы өзінің қарсыластарының бірінің жарысқа келмей қалуы себепті бірден чехиялық Андрея Главачковамен кездесіп, одан 2:6, 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар