Теннисші Денис Евсеев Бельгиядағы жарыста жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Оттиньи-Лувен-ла-Нёв (Бельгия) челленджер турнирінде жеңіліп қалды.

денис евсеев
Фото: ktf.kz

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 218-орында тұрған бельгиялық, 22 жастағы Готье Онклинмен шеберлік байқасты.

Бельгиялық спортшы екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында ол 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Д.Евсеев 3 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, ол екінші айналымға шыға алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш болып Әмір Омархановтың ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші Аустралиядағы турнирді сәтті бастады.

Аустралия чемпионатында әйелдер арасында жартылай финалға шыққан теннисшілер анықталды.