Теннисші Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннисші Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық, әлемнің 226-ракеткасы Денис Евсеев Валенсия (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform. 

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 114-інші, жарыстың 7-ракеткасы, испаниялық Педро Мартинеспен кездесуі керек еді.

Алайда испаниялық спортшы кортқа шықпай қалды да, Евсеев ойнамастан ширек финалға өтті.

Жүлде қоры 118 мың еуроға бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін Денис Евсеев қос испаниялық, әлемнің 196-ракеткасы Даниэль Ринкон немесе рейтингте 514-сатыдағы Мартин Ландалусенің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы турнирдің келесі айналымына өткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар