Теннисші Александр Недовесов Анталия турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннисші Александр Недовесов Анталия турнирінің финалына шықты

Қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалда филиппиндік Трет Хьюи – нидерландылық Сэм Вербикпен күш сынасты.

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов – Д.Молчанов жұбы қарсыластарын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Бір сағат бес минутқа созылған матчта А.Недовесов пен Д.Молчанов төрт рет брейк жасай білді. Олар турнирдің финалына шыққаны үшін 1550 АҚШ долларын тауып, Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінде 48 ұпайға қол жеткізді.

А.Недовесов пен Д.Молчановтың финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Мельбурндағы жарыста өнер көрсететінін, Александр Недовесовтің Анталия турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.