Теннисші Андрей Голубев Италиядағы турнирдің финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Корденонс (Италия) челленджер жарысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев пен уругвайлық Ариэл Бехар жартылай финалда швейцариялық Лука Маргаолли мен италиялық Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-уругвайлық жұп 7:6 (7:3), 6:2 есебімен екі партияда жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.
А.Голубев пен А.Бехар финалда доданың 1-ракеткалары, аргентиналық Андрес Мольтени мен Монако өкілі Хьюго Нис және тағы бір монаколық Ромен Арнеодо мен аустриялық Тристан-Самуэль Вайссборн жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубевтің Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.