Теннисші Бублик АТР рейтингінде 70 сатыдай төмен сырғыды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Теннисші Бублик АТР рейтингінде 70 сатыдай төмен сырғыды

Рейтинг басында испаниялық Рафаэль Надаль тұр, екінші орынға Швейцария өкілі Роджер Федерер орналасқан, ал үздік үштікті аргентиналық Хуан Мартин дель Потро түйіндеді.

ТОП-100 қатарындағы жалғыз қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 86-орыннан 88-орынға сырғыды. Ал Александр Бублик 67 саты төмен сырғып, 239-орынға тұрақтады. Тағы бір жерлесіміз Александр Недовесов - 231-орында тұр.