21:20, 05 Сәуір 2023 | GMT +5
Теннисші Денис Евсеев Мексикадағы турнирдің екінші айналымына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Евсеев Мексиканың Сан-Луис қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы теннис турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Негізгі жарыстардың басында ол Доминикан Республикасының спортшысы Ник Хардттан мықты болды. Кездесудің қорытынды есебі – 7:5, 7:6 (7:1).
Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Пассивте қазақстандықтың екі қос қателігі бар.