Теннисші Кукушкин АТР рейтингінде 13 сатыға жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Кукушкин Уимблдон турнирі қарсаңында АТР рейтингінде бірден 13 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Теннисші Кукушкин АТР рейтингінде 13 сатыға жоғарылады

Еске сала кетейік, Кукушкин өткен аптада Британияның Истбурн қаласында өткен турнирде Ұлыбританияның бірінші ракеткасы Кайл Эдмундты (АТР рейтингінде - 18) жеңіп, жартылай финалға дейін барған болатын. Бұл Михаилдың әлемдік рейтингте бірден 13 саты жоғарылап, 77-орынға тұрақтауына мүмкіндік берді.

1 (2). Рафаэль Надаль (Испания) - 8770 ұпай

2 (1). Роджер Федерер (Швейцария) - 8720

3 (3). Александр Зверев (Германия) - 5755

4 (4). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 5080

5 (6). Марин Чилич (Хорватия) - 5060

6 (5). Григор Димитров (Болгария) - 4780

7 (7). Доминик Тим (Австрия) - 3835

8 (8). Кевин Андерсон (ОАР) - 3635

9 (9). Давид Гоффен (Бельгия) - 3110

10 (10). Джон Изнер (США) - 3045...

77 (90) Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 734

Айта кетейік, бүгін басталатын Уимблдон турнирінде Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы канадалық Вашек Поспишил (97) болады.