Теннисші Кукушкин Доха турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Доха (Катар) ATP турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 66-ракеткасы М.Кукушкин алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 229-орында тұрған Тунис өкілі Малик Жазиримен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетті М.Кукушкин тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

Кукушкиннің айқын басымдылығымен өткен бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды.

М.Кукушкин Доха турнирінің (жүлде қоры 1,5 млн АҚШ долларына жуық) ширек финалына шығу үшін әлемнің 23-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Қытайдағы турнирді сәтті бастап, Юлия Путинцеваның Брисбенде әлемнің 20-ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.

Ал Александр Бублик Дохада ширек финалға шыға алмай қалды.


Соңғы жаңалықтар