Теннисші Михаил Кукушкин Словакиядағы «Челленджер» турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Словакиядағы «Челленджер» сериясы турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

Теннисші Михаил Кукушкин Словакиядағы «Челленджер» турнирінде жеңіске жетті

Шешуші матчта Кукушкин Босния мен Герцеговина өкілі Дамир Джумхурмен кездесті. Егер тартыспен өткен бірінші сетте қазақстандық 6:4 есебімен басым түссе, келесі партияда Джумхур 6:1 есебімен есе қайтарды. Дегенмен Кукушкиннің сағы сынған жоқ, шешуші сетте 6:2 есебімен алға шықты.

Матч бір сағат 49 минутқа созылды. Бұл жеңісінде Кукушкин 4300 еуро тапты және АТР рейтінгісінде 80 ұпай жинады, бұл оған тізімде жоғары көтерілуге мүмкіндік бермек.. Ол қазір 324-ші орында келеді.