Теннисші Путинцева Вашингтондағы турнирдің ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ астанасында жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын әйелдер арасындағы Citi Open турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sports.kz.

Теннисші Путинцева Вашингтондағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық Юлия Путинцева екінші айналымда АҚШ атынан шыққан 17 жастағы теннисші Усуэ Мэйнтэйн Арконадамен тартысты кездесу өткізді.

Бірінші сетте 6:4 есебімен ұтқан және екінші партияда да 4:2 есебімен алда тұрған Путинцева қатарынан 4 гейм ұтылды. Шешуші сетте Арконада брейкпен есепті 3:2 жеткізді. Бірақ басымдықты ұстап тұра алмай, есеп 3:3 болып теңесті. Тоғызыншы геймде  (бұл кезде есеп 4:4 болатын) Юлияның қарсыласы жеңіске бір табан жақын болды. Бірақ, Юлия үш допты қатарынан ұтып, тойтарыс берді. Келесі геймде қарсыласына мүмкіндік бермеген Путинцеваның жолы болды. Матч қорытындысы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Путинцеваның пайдасына шешілді. Кездесу 2 сағат 20 минутқа созылды. Риса Одзаки (Жапония) - Наоми Броуди (Ұлыбритания) кездесуінің жеңімпазы Путинцеваның келесі қарсыласы болмақ.