Теннисші Путинцева «Volvo Car Open» жарысының екінші айналымында Лисицкиді жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 51-ші ракеткасы, неміс теннисшісі Сабин Лисицки «Volvo Car Open» жарысының екінші кезеңінде әлемдің рейтингте 61-ші орында тұрған қазақстандық Юлия Путинцевадан 5/7, 6/4, 3/6 есебімен жеңілді.

Теннисші Путинцева «Volvo Car Open» жарысының екінші айналымында Лисицкиді жеңді

Спортшылар кортта 2 сағат 20 минут ойнады. Онда Сабин бір эйс және алты брейк жасап, допты ойынға қосудан тоғыз рет қателесті. Юлия жеті брейк-пойнтты жүзеге асырып, екі рет эйс жасады. Осыған дейін спортшылар кездеспеген, деп хабарлады Sports.kz.

Чарльстонда (АҚШ) турнирдің үшінші айналымында Путинцева Винус Уильямспен ойнайды.