Теннисші Серена Уильямс спорттық жолындағы 725-ші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық теннисші Серена Уильямс Торонтода WTA Rogers Cup турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.
None
None

Екінші айналымдағы матчта Уильямс Италия өкілі Флавия Пеннеттаны 2:6, 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) сайты хабарлағандай, бұл Уильямстің спорттың жолындағы 725-ші жеңісі болды.

Серена Уильямс бүгінде WTA рейтингінде көш бастап тұр.

WTA Rogers Cup турнирінің сыйлық қоры $2 млн 377,305 мың құрайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум